Todayinfo.kz
NewsView all articles

Құлсарыда 7 жастағы қызды қырыққа жақындаған еркек айуандықпен өлтірген

Құлсарыды кішкентай қызды еңгезердей еркек айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo . 5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыз үй‌інен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген. «Жедел-іздес

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Құлсарыда 7 жастағы қызды қырыққа жақындаған еркек айуандықпен өлтірген

Құлсарыды кішкентай қызды еңгезердей еркек айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.

5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыз үй‌інен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәй‌іті Құрсай өзегінен табылды.

Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды»,  — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жылыой аудандық полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жай‌ын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Related

Құлсарыда 7 жастағы қызды қырыққа жақындаған еркек айуандықпен өлтірген · Todayinfo