Todayinfo.kz
NewsView all articles

Балғынбек Имашевтың ұлы тағы да қажылыққа апарамын деп адамдарды алдап кетті

Айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлынан қажылыққа жолдама сатып алдық деген тағы 40 шақты адам Алматыдағы полиция басқармасына барды, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасап. «19 сәуірде ұшуым керек еді, сол уақыттан бері ешқайда ұшқан жоқпыз. Ақшамыз да қайтарылмай жатыр

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Балғынбек Имашевтың ұлы тағы да қажылыққа апарамын деп адамдарды алдап кетті
Айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлынан қажылыққа жолдама сатып алдық деген тағы 40 шақты адам Алматыдағы полиция басқармасына барды, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасап.
«19 сәуірде ұшуым керек еді, сол уақыттан бері ешқайда ұшқан жоқпыз. Ақшамыз да қайтарылмай жатыр. Жұмаға дейін деген, ең соңғы уәдесі Құрбан айтқа дейін қайтарамыз деген. Директоры Имашев Данияр деген жігіт», - дейді Берік Маржанов.
Әрқайсысы жолдамаға шамамен 500 мың теңгеден төлеген. Яғни айтыскердің ұлы оларға жалпы сомасы 20 миллион теңге қарыз дейді. Оларға Мекке мен Мәдинадағы үш және төрт жұлдызды қонақ үйде тұру уәде етілген. Сан соғып қалғандар компанияны әлеуметтік желі арқылы тапқан. Оны Балғынбек Имашевтің өзі жарнамалаған. Ал қазір не өзі, не ұлы байланысқа шықпай отыр екен. Журналистер қоңырау шалғанда да айтыскер сол күйі жауап бермеген. Еске салсақ, бұған дейін дәл осы компанияға алданған 50-ге тарта адам жаппай полицияға шағым түсіріп, іле-шала Данияр Имашев алған қаражатын қайтарып берген. Бұл жолы да зардап шеккендер полицияға жүгініп, алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр.  Сараптама зерттеулер тағайындалды. Іс материалдары міндетті түрде сотқа жолданды»,- деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Related

Балғынбек Имашевтың ұлы тағы да қажылыққа апарамын деп адамдарды алдап кетті · Todayinfo