Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Балиде бағы тайған бикеш: ресейлік блогерді ұрған қазақ қызына сот шешімі шықты

Фото: instagram.com/miss_sng Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Іс материалдарына сәйкес, сот Алтайбекованы жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндеттеп, төрт аптаға бас бостандығынан айы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Балиде бағы тайған бикеш: ресейлік блогерді ұрған қазақ қызына сот шешімі шықты
Фото: instagram.com/miss_sng
Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Іс материалдарына сәйкес, сот Алтайбекованы жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндеттеп, төрт аптаға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім туралы жәбірленуші ретінде танылған ресейлік блогер Карина Фадеева мәлімдеді. Еске салсақ, оқиға Бали аралындағы демалыс орындарының бірінде болған. Тергеу дерегіне сай, жанжал барда басталып, Алтайбекова ресейлік блогерге бөтелке лақтырып жарақаттаған. Салдарынан Қазақстандық модельге айып тағылды. Басы дауға қалған қазақ қызы кешірім сұрағанымен, материалдық шығынды өтеуден бас тартқаны айтылған. Әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі нұсқалар тараған. Алайда жәбірленуші тарап олардың бірқатарын жоққа шығарды. Алтайбекованың өзі қамауда отырғандықтан, іс бойынша ресми ұстанымын жариялаған жоқ.

Related

Балиде бағы тайған бикеш: ресейлік блогерді ұрған қазақ қызына сот шешімі шықты · Todayinfo