Балық шаруашылығын қолдаудың жаңа шаралары енгізіледі
Мәжіліс «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Аталмыш заң жобасы аясында балық өсірушілерге мемлекет тарапынан субсидия және ғылыми қолдау көрсетіледі. Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралар

Мәжіліс «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Аталмыш заң жобасы аясында балық өсірушілерге мемлекет тарапынан субсидия және ғылыми қолдау көрсетіледі. Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларына субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, ғылыми сүйемелдеу және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру кіреді.
Сондай-ақ балық өсіру үшін су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа түрі қарастырылады. Субсидиялау Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерге қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарланған.
Мемлекеттің жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерге демеу көрсету мақсатымен бюджет қаражаты есебінен бизнесті ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдауды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізіледі. Бұл балық өсірушілердің құзыретін арттыруға, ғылымға негізделген ұсынымдар әзірлеуге, биотехнологиялық процестерді құруға және өндіріске инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·