Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ»: шулы мәлімдемелер жазған Танакөз Толқынқызы тергеуге алынды

Белсенді Танакөз Толқынқызы әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты құқық қорғау органдарына шақырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Елгезек өзінің парақшасында хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Танакөз Толқынқызының айтуынша, оған Астана қал

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ»: шулы мәлімдемелер жазған Танакөз Толқынқызы тергеуге алынды

Белсенді Танакөз Толқынқызы әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты құқық қорғау органдарына шақырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Елгезек өзінің парақшасында хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Танакөз Толқынқызының айтуынша, оған Астана қаласы Сарайшық аудандық полиция бөлімінен хабарласып, 7 наурыз күні Facebook желісінде жариялаған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген жазбасына қатысты шағым түскені айтылған. Шағым egov платформасы арқылы жолданған.

Осыған байланысты белсендіні 31 наурыз күні таңғы сағат 10:00-де полиция бөлімшесіне келуге шақырған.

«Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Қазіргі жағдайда адвокат жалдау да оңай емес. Себебі 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемеймін. Табыс көзінің болмауына байланысты жеке кәсіпкерлігімді де уақытша тоқтаттым», – дейді ол.

Сондай-ақ ол халықтан қаржы жинауға қарсы екенін айтып, адвокат қызметінің шығындарын өтеу үшін өз кітаптарын сатуға ниетті екенін жеткізді.

Белсенді өз мәлімдемесінде сөз бостандығы мәселесіне де тоқталып, әр азаматтың өз ойын еркін білдіру құқығы сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Related

«Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ»: шулы мәлімдемелер жазған Танакөз Толқынқызы тергеуге алынды · Todayinfo