Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды

Фото: видео скриншот Журналист Диас Нұрақын Жетісайдағы сұмдық өртке байланысты өз үнін қосты. Оның айтуынша, бірнеше әкім мен депутаттың әлеуметтік желідегі жазбалары бір жерден көшірілгендей: әрқайсысы «Президенттің тапсырмасымен комиссия құрылды», «Президенттің тапсырмасымен с

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды

Фото: видео скриншот

Журналист Диас Нұрақын Жетісайдағы сұмдық өртке байланысты өз үнін қосты. Оның айтуынша, бірнеше әкім мен депутаттың әлеуметтік желідегі жазбалары бір жерден көшірілгендей: әрқайсысы «Президенттің тапсырмасымен комиссия құрылды», «Президенттің тапсырмасымен себеп анықталады», «Президенттің тапсырмасымен көмек көрсетіледі» деп қайталаумен әлек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Диас Нұрақын бұл формалды тіркестерге ашық қарсылығын білдірді:

«12 адам көз жұмып, бір әулет түгел қырылып жатқанда осындай шаралар президенттің тапсырмасынсыз-ақ атқарылуы керек емес пе? Президент айтпаса — тергеу де жоқ, көмек те жоқ, қозғалыс та жоқ дегені ме?» – деп жазады ол.

Журналисттің пікірінше, елдің қабырғасын қайыстырған мұндай қасіретте бірінші басшының көңіл айтуы — қалыпты дүние. Алайда жергілікті басшылардың оны жарнамалап, «президентке ұнайын» дегендей жандайшаптыққа салынуы — үлкен мәселе.

Диас Нұрақынның айтуынша, бұл жағдай тек бір үйдің қайғысы емес — тұтас өңірдегі қауіпсіздік деңгейінің жоқтығының дәлелі.

Өрт болған үйдің есігі мен терезесі түгелдей темір торға қапталған.
Бұл — жай сән немесе қожайынның ермегі емес.

Ауылда ұрлық көбейген соң, тұрғындар өз үйін түрме секілді бекітуге мәжбүр болған.
Ал өрт шыққан сәтте торланған терезе — екінші шығатын жолды түгел жауып тастайды. Қара түтіннің иісі тисе де, қашып шығуға мүмкіндік жоқ.

Журналист бұл жағдайға заңсыздық пен қылмысты болдырмауға міндетті органдардың салғырттығы себеп екенін айтады:

«Штраф жинаудан қолы босамайтын камералар ауылдарды неге бақыламайды? Полиция неге алдын алу жұмысын істемейді? Егер қауіпсіздік дұрыс жолға қойылса, ешкім өз үйін қамау камерасына айналдырмас еді», — дейді ол.

Related

«Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды · Todayinfo