Басынан бағы тайған Бабақұмаров: Алматы әкімінің экс-орынбасары қамауға алынды
Астана қаласының әкімшілік соты Ержан Бабақұмаровты 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Соттың мәліметінше, Ержан Бабақұмаров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бө

Астана қаласының әкімшілік соты Ержан Бабақұмаровты 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Соттың мәліметінше, Ержан Бабақұмаров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі («Жүргізушінің алкогольдік мас күйінде көлік басқаруы») бойынша кінәлі деп танылды.
Оқиға 29 қаңтарда Астана қаласында болған. Полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатқан кезде, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде көлік жүргізіп отырғаны анықталды.
Ержан Бабақұмаров «Орталық коммуникациялар қызметінің» бұрынғы директоры және Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары қызметтерін атқарған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·