«Аталмыш топ Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді жымқырған. Сондай-ақ акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлаған. Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту шараларын жүргізу кезінде күдіктілерден ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жымқырылған заттарды сатып алушыны анықтады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.Ұрлық деректері бойынша қазір 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Батыс Қазақстанда қарақшылар тобы қолға түсті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді. «Аталмыш топ Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындары

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·