«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 6 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне сәйкес аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді.
Жайық суы Ақжайық ауданының аумағы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.
Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі кезде 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті. Сондай-ақ Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеді.




