Бауыржан Омарұлының жаңа кітабы шықты: "Желіде желген жазбалар" несімен қызық?
Президент кеңесшісі Бауыржан Омарұлы әлеуметтік желідегі жазбаларын жинаған жаңа кітап шығарды.

Жаңа жыл қарсаңында Президент кеңесшісі Бауыржан Омарұлы әлеуметтік желідегі жазбалары топтастырылған жаңа кітабының жарық көргенін хабарлады. Оның айтуынша, «Желіде желген жазбалар» деп аталатын еңбек – әлеуметтік желіде туған қысқа әрі нұсқа ойлардың жинағы.
Кітапты «Arna-B» баспасы шығарған. Автор бұл туындының форматы заманауи ақпараттық ортаға бейімделгенін атап өтті. Әсіресе, тез жазу мен оқуға ыңғайлылығы – бүгінгі оқырман талғамына сай келеді.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бауыржан Омарұлы әлеуметтік желіде жазу үрдісіне тоқталып, бүгінгі ақпарат кеңістігінің талаптарына бейімделудің маңыздылығын тілге тиек етті. Оның айтуынша, аласапыран ақпарат ағынында қысқа да нұсқа ой айту – жазушы үшін басты машыққа айналған.
әлеуметтік желі жазуБауыржан Омарұлы кітабыфейсбук пост жинағықысқа форматтағы жазбаларкітап жаңалықтары
Related

News
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

News
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

News
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·