«Баянның байлығы 130 млн доллар»: Тұрсын Алагөзов су сатудан 17,3 млрд теңге пайда тапты
Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтің байлығы Forbes есептеуінше шамамен 130 млн доллар болады. Былтыр оның Астанадағы Galanz Bottlers компаниясына 17,3 млрд теңге табыс кірген, деп хабарлайды Todayinfo . Компанияларында істейтін 100 қызметкерге пәт

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтің байлығы Forbes есептеуінше шамамен 130 млн доллар болады. Былтыр оның Астанадағы Galanz Bottlers компаниясына 17,3 млрд теңге табыс кірген, деп хабарлайды Todayinfo.
Компанияларында істейтін 100 қызметкерге пәтер сыйлап, елдің назарын бұрған Тұрсынғали Алагөзов тағы да мәрттік жасамақшы. Ол жаңа жылдан бастап жұмысшыларының 65 жастан асқан ата-аналарына өз атынан зейнетақы тағайындайтынын айтты. Бұл бастаманы әлеуметтік желідегі жұрт қызу талқылап жатыр.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, Алагөзовке тиесілі Galanz Bottlers, JFood, Шымкент сыра зауыты сияқты үш компаниясында шамамен 4,5-5 мыңдай адам істейді. Пайдаланушылардың есебінше, кәсіпкер 3 мың адамның отбасына 50 мыңнан төлесе, 1 айдың өзінде 150 млн теңге шығынданады екен. Алайда Алагөзов тек бір зауыттың ғана жұмысшыларына қолдау көрсетуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Related

Өзекті жазбалар
Штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·