- Осыдан үш жыл бұрын Кербұлақ ауданында ондаған жылдар бойы жүйелі түрде шешілмеген мәселелер аз емес болатын. Бүгінгі күні солардың ең өзектілері шешілді. Бұдан былай да өз тарапымыздан аудан дамуына қолдау көрсетеміз. Ең бастысы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, заң мен тәртіпті қатаң сақтау. Ол үшін аудан басшысы азаматтардың өзіне артқан сенімін ақтай отырып, жергілікті халықпен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуі керек, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.Өз кезегінде Ж. Жүнісбеков алдына қойылған міндеттерді лайықты деңгейде орындауға бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынын жеткізді. Еске салсақ, биылғы 18 қаңтарда Кербұлақ ауданы әкімін сайлау өткен болатын. Сайлауда 80,9% басым дауыспен Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков аудан әкімі болып сайланды.
Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
Фото: Жұмабай Мұсабеков Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесіп, жуырда сайланған жаңа әкімді таныстырды. Осы жиында Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Күләйза Шақарова сайлаудың қорытындысын мәлімдеп, Жанат Жүнісбековке ауда

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының активімен кездесіп, жуырда сайланған жаңа әкімді таныстырды. Осы жиында Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Күләйза Шақарова сайлаудың қорытындысын мәлімдеп, Жанат Жүнісбековке аудан әкімінің куәлігін тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Аудан әкімін таныстырған өңір басшысы Жанат Төлегенұлының осы ауданның тумасы екенін, әр жылдары Жетісу, Алматы облыстарында түрлі жауапты қызметтер атқарғанын атап өтті. Соңғы жылдарда ол Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.
Related

Jetysu Region
109 административных протоколов: на жетысуском побережье Алаколя применяются жесткие меры к лицам, нарушающим правила эксплуатации водного транспорта
Айдар Керім·

Jetysu Region
109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда
Айдар Керім·

Jetysu Region
Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады
Жаннұр Еділбаева·

Jetysu Region
В Жетісу участникам конференции, посвящённой обновлённой Конституции, вручили специальное издание Основного Закона страны
Айдар Керім·