Todayinfo.kz
NewsView all articles

Бекіре сатып алған ер адам 7 жылға сотталып, 300 млн теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

Атырау тұрғыны бекіре сатып алғаны үшін қатаң жазаға тартылды, ол ұзақ мерзімге сотталып қана қоймай, мемлекетке 296 миллион теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттелді. Іс деректеріне қарағанда, 2025 жылдың қыркүйегінде ол Исатай ауданына жоғалған жылқыларын іздеп барған. Жолда бе

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Бекіре сатып алған ер адам 7 жылға сотталып, 300 млн теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

Атырау тұрғыны бекіре сатып алғаны үшін қатаң жазаға тартылды, ол ұзақ мерзімге сотталып қана қоймай, мемлекетке 296 миллион теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттелді.

Іс деректеріне қарағанда, 2025 жылдың қыркүйегінде ол Исатай ауданына жоғалған жылқыларын іздеп барған. Жолда белгісіз адамдардан көп көлемде бекіре тұқымдас балық сатып алуға келісіп, шамамен 500 келі өнімді 960 мың теңгеге алған. Кейін балықты көлігімен Атырауға жеткізіп, туысының гаражына қалдырған.

Алайда сол күні-ақ құқық қорғау органдары тінту жүргізіп, күмәнді жүктің ізіне түскен. Сараптама нәтижесінде тәркіленген балықтардың сирек әрі аулауға тыйым салынған түрге жататыны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 296 миллион теңгеден асқан.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал балықты сатқан белгісіз адамдар әлі анықталмаған.

Фото: Freepik

Related

Бекіре сатып алған ер адам 7 жылға сотталып, 300 млн теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды · Todayinfo