Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Белгілі заңгар өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін жариялады 

Елімізге танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, елді алаңдатып қойды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Оның айтуынша, өзіне құзырлы органдар тарапынан қастандық жасалуы мүмкін. Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің арыздарын п

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Белгілі заңгар өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін жариялады 
Елімізге танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, елді алаңдатып қойды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Оның айтуынша, өзіне құзырлы органдар тарапынан қастандық жасалуы мүмкін. Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің арыздарын прокуратураның қарамай жатқанын да мәлімдеді. Айтуынша, ол әділдік іздеген әйелдің мәселесін көтерген. Алайда Бас прокуратура заңгердің орын алған заңсыздық бойынша жазған арыздарын қарамаған.
«Егер маған қандайда бір қастандық жасалса немесе өзіндік қауіпсізідк қызметкерлерінің тарапынан заңсыз әрекеттер жасалса», -деген заңгер өзінің қорғауындағы әйелдің жазбасын жариялады.
Жазбада құзырлы орган қызметкрелерінің заңсыз әрекеті мен олардың арызды өздерінің айтуы бойынша жаздырып алғаны айтылған.
«Бұл жерде Астанада отырған ҰҚК қызметкрелері ақша алып отыр деді. Осының бәрін Бас прокурор қарайды деген үмітте болдым. Менің арыз шағымдарым қаралмай жатқанын Президент әкімшілігіне, Президенттің көмекшісі Руслан Желдібайға айттым», -деді заңгер Айгүл Орынбек.

Related

Белгілі заңгар өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін жариялады  · Todayinfo