5,8 млрд теңге тәркіленген: Бес жылға сотталған Абылай Мырзахметов соттан жазасын жеңілдетуді сұрады
Фото: Атамекен ҰКП «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов, алаяқтық үшін сотталған, жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады, деп Тodayinfo ақпараттық порта

Фото: Атамекен ҰКП
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов, алаяқтық үшін сотталған, жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
28 қаңтарда өткен сот отырысында Мырзахметовтің жазаны өтеу кезіндегі тәртібі мен жағдайы қаралды. Сотталушы оң тәртіп дәрежесіне ие болмағандықтан, оның өтініші негізсіз деп танылды.
Павлодар облыстық сотының мәліметінше, сотталушы жазасын өтеу барысында тек бір ғана марапат алған – еңбекке адал көзқарасы үшін. Бірақ бұл заң бойынша оның негізгі міндеті болып саналады.
Сот шешіміне сәйкес, Мырзахметов алты айдан кейін қайта өтініш беруге құқылы. Қазіргі уақытта ол Павлодардағы орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Айта кетейік, сот үкімі бойынша Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5,8 млрд теңге көлеміндегі қаржысы тәркіленген.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·