Todayinfo.kz
NewsView all articles

Билл Клинтон Трампты сынады: "Бұл соғыс – үлкен қылмыс әрі заңсыз әрекет"

АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон Дональд Трамптың Иранға қатысты саясатын сынады. Ол бұл соғысты "заңсыз" және "үлкен қылмыс" деп атады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Билл Клинтон Трампты сынады: "Бұл соғыс – үлкен қылмыс әрі заңсыз әрекет"

АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың Иранға Ормуз бұғазын ашу туралы қойған ультиматумын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Клинтонның айтуынша, АҚШ президентінің түн ортасында әлеуметтік желі арқылы мұндай маңызды мәлімдеме жасауы – ресми коммуникация ережелеріне қайшы келетін әрекет. Ол Трамптың жазбасының сапасы төмен әрі мазмұны түсініксіз екенін атап өтті.

Сонымен қатар бұрынғы президент Дональд Трамптың сөзі мен оның генералдарының ресми ұстанымдары арасында сәйкессіздік барын да тілге тиек етті. Егер әскерилер бұған дейін "бәрін қираттық" деп мәлімдесе, онда Трамптың Ормузды ашу үшін Ираннан не күтіп отырғаны белгісіз.

Билл Клинтон соғыстың қарапайым америкалықтарға тигізіп жатқан зардабына тоқталды. Оның сөзінше, қақтығыс басталғалы бері АҚШ-та бензин бағасы бір галлон үшін 1 долларға қымбаттаған.

"Егер Трамп Иранның инфрақұрылымын бомбылайтын болса, жанармай бағасы одан әрі өседі. Ал Иран халқы жарықсыз қалады. Бұл үлкен қылмыс болар еді. Трамп бұл қылмысқа өз елінде заңды бұзу арқылы бармақшы. Президент Конгрестен рұқсат алған жоқ, яғни бұл соғыс – заңсыз", - деді Клинтон.

Ол Иранның бұл әрекетке міндетті түрде жауап қайтаратынын ескертті. Тегеранның Парсы шығанағындағы су және электр қуаты нысандарына соққы беруі мүмкін екені аймақтағы ауқымды соғыстың басталуына түрткі болуы ықтимал.

Клинтонның пікірінше, бұл ультиматум Трамптың өзіне зиян, себебі енді оған соғыстан шығу қиындай түседі. Ол сөзін былай деп қорытындылады:

"Ұлы мемлекеттің күші оның нені қирата алатынында емес. Оның күші – жасампаздығында, нені сала алатынында".

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Билл Клинтон Трампты сынады: "Бұл соғыс – үлкен қылмыс әрі заңсыз әрекет" · Todayinfo