Бір аптада қанша шенеуніктің жемқорлықпен сотталғаны белгілі болды
Өткен аптада сыбайлас жемқорлықпен ұсталған біршама шенеунікке үкім шықты. Todayinfo Антикордың ақпаратына сүйене отырып, олардың тізімін жасап шықты. 1. Л. Каткеева – Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысы. • Жаза: 8 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте

Өткен аптада сыбайлас жемқорлықпен ұсталған біршама шенеунікке үкім шықты. Todayinfo Антикордың ақпаратына сүйене отырып, олардың тізімін жасап шықты.
1. Л. Каткеева – Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысы.
• Жаза: 8 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым.
2. 7 бухгалтер (есімдері аталған жоқ) – сол бөлімнің қызметкерлері.
• Жаза: 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым.
3. Е. Байқожа – Алматы қаласының тұрғыны.
• Жаза: 11 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
4. А. Сағымбеков – Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы.
• Жаза: 15 млн теңге айыппұл, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
5. А. Күзембаев – «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
• Жаза: 10 млн теңге айыппұл, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
6. Н. Қалдыбаев – Тараз қаласының құрылыс бөлімінің басшысы.
• Жаза: 4 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым.
7. О. Ерболатұлы – мердігерлік ұйым өкілі.
• Жаза: 6 жыл бас бостандығынан айыру, 10 жылға қаржы бөлуге қатысты қызмет атқаруға тыйым.
8. Э. Мұрадов – Тараз қаласының тұрғыны.
• Жаза: 10 жыл бас бостандығынан айыру.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
9. Т. Телеуов – Тараз қаласының тұрғыны.
• Жаза: 9 жыл бас бостандығынан айыру.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
10. С. Үкімбаев – облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.
• Жаза: 3 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым.
• Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.
Related

News
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

News
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

News
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

News
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·