Бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген астаналық сотталды
Астанада бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген тұрғын сотталды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі. Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтағ

Астанада бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген тұрғын сотталды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.
Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтаған болатын. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Пәтер иесінің заңсыз әрекеті сотта толық дәлелденіп, сот үкімімен пәтердің иесі ҚК-нің 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Ол бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 600 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Алайда, ведомство өкілдері сотталушыға тағайындалған жаза жөніндегі ақпаратты нақтыламады.
Үкім заңды күшіне енді.
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·