Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бір данасы 125 $»: Олимпиада қалашығында мүшеқап жетіспей жатыр

Олимпиада кезінде мүшеқаптар таусылып қалған. Daily Express мәліметінше, бір контрацептивтің бағасы 125 доллар шамасында сатылған. Бастапқыда қатысушыларға 10 мың дана тегін таратылған, бірақ үш күн ішінде толық сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар сұраныстың күткеннен жоғары болғаны

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бір данасы 125 $»: Олимпиада қалашығында мүшеқап жетіспей жатыр

Олимпиада кезінде мүшеқаптар таусылып қалған. Daily Express мәліметінше, бір контрацептивтің бағасы 125 доллар шамасында сатылған.

Бастапқыда қатысушыларға 10 мың дана тегін таратылған, бірақ үш күн ішінде толық сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар сұраныстың күткеннен жоғары болғанын айтып, тағы әкелуге уәде берді.

Итальяндық БАҚ хабарлауынша, қосымша 5000 дана тапсырыс берілген. Сондай-ақ басылым олимпиада қалашығында «көңілді кештер» жиі болатынын атап көрсеткен. 2018 жылы шаңғы спортымен айналысатын Лоренн Росс сұхбатында көптеген спортшымен төсектес болғанын ашық айтқан.

Фото: Getty images

Related

«Бір данасы 125 $»: Олимпиада қалашығында мүшеқап жетіспей жатыр · Todayinfo