Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін»: Руслан Берденов күдікті Ернар Жиембайдың қоңырауы туралы айтты

Шымкентте әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап Руслан Берденов онлайн-видеобайланыс арқылы сотта түсініктеме берді, деп хабарлайды todayinfo.kz Берденов соттағы сөзін фото және бейнетүсірілімге түсіруге

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін»: Руслан Берденов күдікті Ернар Жиембайдың қоңырауы туралы айтты
Шымкентте әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап Руслан Берденов онлайн-видеобайланыс арқылы сотта түсініктеме берді, деп хабарлайды todayinfo.kz Берденов соттағы сөзін фото және бейнетүсірілімге түсіруге рұқсат бермеді. Прокурор жәбірленушіден сотталушы Ернар Жиембайды қашаннан бері білетінін сұрады.
"Айтқан әр сөзімді антпен ғана емес, қажет болса полиграфта, өтірік айтуды анықтайтын құрылғыда да дәлелдеуге дайынмын. Өмірімде Жиембай Ернарды бар болғаны үш рет көрдім. Екі рет жиналыста, үшіншісі ол маған оқ атқан сәтте", – деді Берденов.
Оның айтуынша, алғашқы кездесуі әкімдікте болған. Жиынға "Тұрғын үй" ЖШС басшысын шақырған.
"Ол (Жиембай – ред.) инспектор Асанбаймен бірге келді. Жиналыста біз үшеу болдық. Бірақ Ернар Жиембай ақшаның қайда жұмсалғаны, қандай жұмыс істелгені, мердігерлер, тендерлер немесе қанша үйде жұмыс жүргізілгені туралы ешқандай есеп берген жоқ. Ешқандай ақпарат айтылмады", – деді Берденов.
Берденовтің айтуынша, инспектор Асанбай Ернар Жиембайға сұрақтарға қалай жауап беру керек екенін сыбырлап отырды. Осыдан кейін кабинет ішінде сөзталас басталған.
"Мен Жиембайға "Осындай қарым-қатынаспен біз сізбен жұмыс істей алмаймыз" дедім. Ол "Керек болса, жұмыстан шығайын" деді. Мен "Жақсы, онда жұмыстан шығыңыз" дедім. Жиналыс осымен аяқталды. Кейін олар екеуі сыртқа шығып, біраз уақыт сөйлесіп тұрды. Мен олардың дауысын естідім", – деді ол.
Берденовтің айтуынша, бір аптадан кейін инспектор Асанбай қайта келіп, Жиембайдан келген мазасыз қоңырау жайлы айтқан.
"Асанбай маған "Жиембай қазір қоңырау шалды, "біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін" деген сияқты сөздер айтты" деді. Нақты не болғанын түсінбедім. "Бәрі дұрыс па?" деп сұрадым. Ол Жиембайдың сәл ішімдік ішіп алғанын, сондай кезде осындай сөздерді жиі айтатынын жеткізді", – деді әкім орынбасары.
Бұған дейін жәбірленушінің өкілі Жеңіс Тыныбек сотта тараптардың жарыссөзі өтетінін хабарлаған еді. Оның айтуынша, жарыссөз 18-19 тамызға белгіленген. Фото: qaz365.kz

Related

«Біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін»: Руслан Берденов күдікті Ернар Жиембайдың қоңырауы туралы айтты · Todayinfo