Todayinfo.kz
NewsView all articles

Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр

Қуандық Бишімбаевтың бауыры Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo. «Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай,

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр
Қуандық Бишімбаевтың бауыры Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo. «Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді. Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр:
    • Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»);
 
    • Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).
  Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады, - делінген адвокат Жанна Уразбахованың хабарламасында. фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz

Related

Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр · Todayinfo