Todayinfo.kz
NewsView all articles

Биткоин және шариғат: ҚМДБ криптовалюта харам екенін жариялады

Криптовалюта – криптографиялық технологияларға негізделген цифрлық актив. Оның ең танымал түрлерінің бірі – биткоин. Бұл валюта орталықсыздандырылған, яғни ешбір банк немесе мемлекеттік орган бақыламайды және дәстүрлі қағаз ақша сияқты шығарылмайды, деп хабарлайды  Todayinfo

By Айғаным Нариманова··2 min read
Биткоин және шариғат: ҚМДБ криптовалюта харам екенін жариялады
Криптовалюта – криптографиялық технологияларға негізделген цифрлық актив. Оның ең танымал түрлерінің бірі – биткоин. Бұл валюта орталықсыздандырылған, яғни ешбір банк немесе мемлекеттік орган бақыламайды және дәстүрлі қағаз ақша сияқты шығарылмайды, деп хабарлайды Todayinfo. Биткоин "Bitcoin Mining" деп аталатын процесс арқылы өндіріледі, бұл – математикалық алгоритмдерді шешетін миллиондаған компьютерлердің жұмысына негізделген жүйе. Алайда, биткоин шариғат талаптарына сай келе ме? Биткоиннің шариғатқа қайшылығы Ислам қаржы жүйесінде ақша белгілі бір мемлекет тарапынан шығарылып, құқықтық кепілдікке ие болуы шарт. Ислам ғұламаларының пікірі бойынша: "Ғасырлар бойы ақшаны шығару құқығы патшадан (мемлекеттен) өзгеге берілмеген" (Әбу Али Хасан әт-Тауси). Биткоиннің ерекшеліктері: ✔ Мемлекеттік кепілдік пен қаржылық заңдарға бағынбайды. ✔ Нақты активтермен қамтамасыз етілмеген. ✔ Бағасы тұрақсыз – нарықта кенеттен құлдырауы немесе көтерілуі мүмкін. Бұл белгісіздік адамдардың қаржылық зиян шегуіне алып келеді. Шариғат тұрғысынан негізгі мәселелер: Ақшаның белгісіздігі (ғарар) 🔹 Сауда-саттық кезінде ақша мен тауардың нақты болуы шарт. 🔹 Биткоиннің жасырын транзакциялары алаяқтық пен заңсыз әрекеттерге жол ашады. Қаржылық қауіп (алдау, алаяқтық) 🔹 Биткоин жүйесінде транзакциялар жасырын болғандықтан, заңсыз әрекеттерге, қаржы жымқыру мен тыйым салынған саудаға жол берілуі мүмкін. 🔹 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім бізді алдаса, ол бізден емес." (Муслим хадистері) Мемлекет пен экономикаға зиян 🔹 Биткоин ешбір қаржы жүйесіне бағынбайтындықтан, оның ел экономикасына әсерін бақылау мүмкін емес. 🔹 Құранда: "Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер." (Құран, 4:29) Ислам әлемінің ұстанымы Ислам ғалымдары биткоиннің шариғатқа сәйкес еместігін алға тартады. ✅ Мысырдың пәтуа комитеті және Еуразия мұсылмандарының пәтуа кеңесі биткоинды пайдалануға тыйым салды. ✅ Ислам қаржы заңдары бойынша белгісіздік (ғарар), алдау (ғиш) және қаржылық тұрақсыздық – харам.  

Related

Биткоин және шариғат: ҚМДБ криптовалюта харам екенін жариялады · Todayinfo