Бивол реваншта Бетербиевті жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды
Фото: Richard Pelham/Getty Images Ресейлік Дмитрий Бивол Эр-Риядта өткен титулдық жекпе-жекте ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиевті жеңді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Боксшылар арасындағы кездесу Сауд Арабиясының астанасында өткен турнирдің бас

Фото: Richard Pelham/Getty Images
Ресейлік Дмитрий Бивол Эр-Риядта өткен титулдық жекпе-жекте ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиевті жеңді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Боксшылар арасындағы кездесу Сауд Арабиясының астанасында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды.
Жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы (79,4 кг-ға дейін) сарапқа салынды. Бұл атаққа Бетербиев 2024 жылғы қазан айындағы бірінші кездесуде Биволды төрешілер шешіммен жеңіп, қол жеткізген еді.
Реванш 12 раундқа созылып, өте тартысты өтті. Жекпе-жектің соңында Бивол сол жақ қабағынан жарақат алып қалды. Нәтижесінде ресейлік боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (114:114, 116:112, 115:113). Төрешілердің басым бөлігі оны жеңіске лайық деп тапқан.
Осылайша, 34 жастағы Бивол жартылай ауыр салмақтағы әлемнің жаңа абсолютті чемпионы атанып, кәсіпқой мансабындағы 24-жеңісін (12-ін нокаутпен жеңген) тойлауда.
Ал Бетербиев кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліс тапты. 40 жастағы боксшы бұған дейін 21 кездесу өткізіп (20-ы нокаутпен жеңген) бәрінде жеңіске жеткен болатын.
Related

Sport
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Sport
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Sport
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Sport
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·