Todayinfo.kz
NewsView all articles

Блогер Жанабыловтың әйелі сотта жауап беріп жатыр

Фото ©️ Tengrinews.kz / Аружан Дарибай Бүгін сотта айыпталушы блогер Эльмира Төлегенова өз шындығын айтып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айыпталушы Төлегеноваға адвокаты Гаухар Айтжанова сұрақ қойып жатыр. Блогер 2020 жылы тауар бизнесімен айналыса бастаған

By Айғаным Нариманова··1 min read
Блогер Жанабыловтың әйелі сотта жауап беріп жатыр
Фото ©️ Tengrinews.kz / Аружан Дарибай Бүгін сотта айыпталушы блогер Эльмира Төлегенова өз шындығын айтып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айыпталушы Төлегеноваға адвокаты Гаухар Айтжанова сұрақ қойып жатыр. Блогер 2020 жылы тауар бизнесімен айналыса бастағандарын айтты.
Кейін нарықта өнімімізді дамытып, бәсекелестермен қатар жұмыс істеуге тырыстық. Әрбір сапар белгілі бір деңгейде энергия мен қаржылық шығындарды талап етеді, бұл арзан процесс емес. Соған қарамастан, біз дамуды тоқтатпай, өз тәжірибемізбен әлеуметтік желілерде бөлісіп отырдық. Қандай өнім, қалай жұмыс істейтінімізді айттық. Жалпы, бұл адамдарға қызық болды - кейбіреулер тауар бизнесіне келгісі келді, енді бірі қайта сату бағытына қызықты. 2025 жылы бізге Сұңғат Өтеболатов (IT-маман - ред.) хабарласты. Ортақ онлайн-кездесу өтті, оған әртүрлі компания өкілдері қатысты. Сол кезде олар жаңа жобаны басқа блогерлермен бірге іске қосуды жоспарлап отырғанын айтып, бізге де қосылуды ұсынды, – деді блогер Эльмира Төлегенова сот барысында.
Еске сала кетейік, тергеу барысында блогерлерге қатысты бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, тергеу оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік, сондай-ақ 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру (ақшаны жылыстату) бойынша күдікті деп отыр.

Related

Блогер Жанабыловтың әйелі сотта жауап беріп жатыр · Todayinfo