"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашы болған конституциялық реформа еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Ел тағдырындағы елеулі оқиғаға байланысты талқылаулар да терең, байыпты әрі сындарлы болуы маңызды", - деді облыс әкімі.Жиында сөз алғандар бірнеше негізгі өзгеріске тоқталды. Мәселен, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов заң шығаруға бастамашы болатын Халық Кеңесінің құрылуы азаматтық қоғамның әлеуетін арттыратын батыл қадам екенін айтты. Ал Ұлттық құрылтай мүшесі, журналист Бауыржан Ғұбайдуллин вице-президенттің ешқандай партияға мүше болмауы туралы талап саяси ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттыратынын атап өтті. Сонымен қатар, жиында азаматтардың жеке деректерінің цифрлық ортада қорғалуын қамтамасыз ету міндеті алғаш рет Негізгі заңға енгізіліп жатқаны сөз болды. Сарапшылар мұны Ата Заңның уақыт талабына сай жаңғырып жатқанының көрінісі деп санайды. Кездесу соңында облыс әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
БҚО әкімі жаңа Конституция туралы: бұл – «Әділетті Қазақстанға» жасалған қадам
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жаңа Конституцияны тарихи қадам деп атады. Жиында Халық кеңесін құру талқыланды.

Батыс Қазақстан облысының белсенділері жаңа Конституция жобасын талқылап, оны бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен жиынға билік өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы бұл реформаны «Әділетті Қазақстан» қағидатын орнықтыру жолындағы маңызды тарихи қадам деп бағалады.
Related

News
Чего ждать от решения Нацбанка 5 июня – мнения экспертов
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·