Todayinfo.kz
RegionsView all articles

БҚО ақ түтек боранда жолда қалған азаматты құтқарып қалған ауыл әкімі марапатталды

Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі Иманқұлов Батырғали Рамазанұлы ақ түтек боранда қалған азаматтарды құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды. Агент

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
БҚО ақ түтек боранда жолда қалған азаматты құтқарып қалған ауыл әкімі марапатталды
Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі Иманқұлов Батырғали Рамазанұлы ақ түтек боранда қалған азаматтарды құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды. Агенттік Төрағасы табиғат сынақтары тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.
«Батырғали Иманқұлов ағымдағы жылдың 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауына қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген. Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді», -делінген хабарламада.
Агенттік Төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады.

Related

БҚО ақ түтек боранда жолда қалған азаматты құтқарып қалған ауыл әкімі марапатталды · Todayinfo