Todayinfo.kz
NewsView all articles

БҚО-да Жайық деңгейі Тайпақ гидробекетінде 8 метрден асты

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ гидробекетінде 805 сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 3 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша аталған ауылда су деңгейі бір тәулікте 55 сантиметрге жоғарылады. Есесіне өзен бойын

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
БҚО-да Жайық деңгейі Тайпақ гидробекетінде 8 метрден асты
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ гидробекетінде 805 сантиметрге жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 3 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша аталған ауылда су деңгейі бір тәулікте 55 сантиметрге жоғарылады.

Есесіне өзен бойындағы басқа гидробекеттерде су деңгейі түсіп жатыр. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 6 (814 см, қауіпті шегі - 1 250 см), Орал қаласында 7 (806 см, 850 см), Көшімде 4 (823 см, 850 см) сантиметрге төмендеді.

Көшім каналында су деңгейі 813 (-3, қауіпті шегі - 800 см) сантиметрді көрсетті.

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Жайық суы сай-саланы толтырып жатқанын, жалпы жағдайдың қалыпты екендігін жеткізді.

 

Related

БҚО-да Жайық деңгейі Тайпақ гидробекетінде 8 метрден асты · Todayinfo