Todayinfo.kz
NewsView all articles

БҚО-дағы трагедия: өрттен қаза тапқан сәбилердің есімі белгілі болды

Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір үйдің бес бірдей ұлы газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo . Опат болған бүлдіршіндердің туған жылдары мен есімдері жарияланды. Өрт орнынан 5 бала табылып, ес-түссіз күйде өрт өнімдерінен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген ед

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
БҚО-дағы трагедия: өрттен қаза тапқан сәбилердің есімі белгілі болды

Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір үйдің бес бірдей ұлы газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Опат болған бүлдіршіндердің туған жылдары мен есімдері жарияланды.

Өрт орнынан 5 бала табылып, ес-түссіз күйде өрт өнімдерінен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген еді:

• Сабиров Раян Ергенұлы, 2019 жылы туған,

• Сабиров Райс Ергенұлы, 2020 ж.т.,

• Сабиров Дияр Ергенұлы, 2021 ж.т.,

• Сабиров Нұрхан Ергенұлы, 2022 ж.т.,

• Сабиров Алихан Ергенұлы, 2023 ж.т.

Белгілі болғандай, шамамен сағат 15:00-де Жымпиты ауылында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сағат 15:25-те оқшауланып, 15:56-да толық сөндірілді.

Оқиға орнында ТЖД-ның 7 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді.

Отбасы бес баласымен  30 шаршы метр жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт болған кезде ата-аналары жұмыс орнында болған.

Фото: Freepik

Related

БҚО-дағы трагедия: өрттен қаза тапқан сәбилердің есімі белгілі болды · Todayinfo