Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 2023 жылы заңсыз тергеуге ұшырағаны үшін республикалық мемлекеттік мекемені сотқа беріп, 7,7 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Батыс Қазақстан облысының соттары жазғандай, бұл адам 2023 жылы 6 ай уақытша ұстау изоляторына қамалып, 1 ай үйқамақта болған. Тергеу іс бойынша оны ұзақ уақыт тексеріп, тергеген. Кейін прокуратура қылмыс құрамы болмаған соң, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Сондықтан, ол Республикалық мемлекеттік мекемені сотқа беріп, 15 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян және 4 000 000 теңге материалдық шығынды өтеу туралы талап арыз қойған.
Сот азаматтың арызын қарай отыра, оның талабын қанағаттандырып, 3 000 000 теңге моральдық зиян, 4 000 000 теңге материалдық зиян және 700 000 теңге шығындарын өндіріп беру туралы үкім шығарған.«Тергеу кезінде үнемі уайымға түсіп, жүйкесі тозған. Қылмыстық қудалау органдары оны қорқытып, психологиялық қысымға ұшырағанын, өзіне құрметсіз қарым-қатынас орнатқанын айтқан», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.




