Бразилияда су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза тапты
Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында үздіксіз жаңбыр жауып, оның соңы су тасқынына ұласты. Соның кесірінен 78 адам қаза тауып, 105 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі. Штатта мыңдаған адам ас-сусыз қалып, 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен.

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында үздіксіз жаңбыр жауып, оның соңы су тасқынына ұласты. Соның кесірінен 78 адам қаза тауып, 105 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Штатта мыңдаған адам ас-сусыз қалып, 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен. Жаңбырдан кейін лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген.
Қазір су басқан өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бразилияның штаты тропикалық және полярлық атмосфераның қиылысқан тұсында орналасқан. Сондықтан бұл жерде жаңбыр үздіксіз жауады немесе апталап, айлап құрғақшылық болады. Жергілікті мамандардың айтуынша, ауа райының өзгеруі жаһандық жылынудың кесірінен де болып отыр.
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·