Бүгін Олимпиадада Нора Джеруто алтын жүлдеге таласады
Сонымен бірге жеңіл атлетикадан Давид Ефремов 110 метрге жүгіруден жұбаныш сынында жарысқа шығады. Бүгін байдарка мен каноэде ескек есу шеберлері жарысқа қатысады. Ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария

Сонымен бірге жеңіл атлетикадан Давид Ефремов 110 метрге жүгіруден жұбаныш сынында жарысқа шығады.
Бүгін байдарка мен каноэде ескек есу шеберлері жарысқа қатысады. Ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова бақ сынайды.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев ел намысын қорғайды.
Спорттық құзға өрмелеудің іріктеу кезеңінде Әмір Маймұратов та күш сынап көреді.
Бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.
Тікелей эфирде 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 00:25-те Qazaqstan арнасынан көрсетіледі.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·