«Олар Газада, өйткені олардың басқа баратын жері жоқ. Оларда не бар? Оларда қазір үлкен үйінділер қалды. Мен ұзақ мерзімді позицияны көріп отырмын және бұл Таяу Шығыстың осы бөлігіне, мүмкін бүкіл Таяу Шығысқа тұрақтылық әкелетінін көремін және бұл идея бәріне ұнайды», -деді Трамп.Бұл мәлімдеме Трамптың Газа секторының барлық палестиналық халқын Иордания, Мысыр және басқа елдерге көшіру туралы ұсынысынан кейін жасалды. Сонымен қатар Трамп палестиналықтардың Газада қалуға тырысуының жалғыз себебі — олардың басқа баратын жері болмауынан деп мәлімдеді. Ол Газа секторын «толықтай бұзатын аймақ» деп сипаттады.
Бұл идея бәріне ұнайды: Трамп Газа секторын толық жойып жібермек
Фото: ВВС АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында Вашингтон Газа секторын «бақылауына алатынын» және онда экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. BBC -дің жазуынша, АҚШ Газа

Фото: ВВС
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында Вашингтон Газа секторын «бақылауына алатынын» және онда экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
BBC -дің жазуынша, АҚШ Газа секторын бақылауына алып, ғимараттарды жермен-жексен ететінін, жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыратынын, «шексіз жұмыс орындарын» құрып, «сол аймақ тұрғындарына» арналған тұрғын үйлер салатынын айтқан. Бірақ «тұрғындар» деп нақты кімді меңзегенін ашып айтпады.
Related

Politics
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Адал азамат мектебін іске қосты
Todayinfo редакциясы·

Politics
Ұлытау облысының жаңа әкімі Президентке есеп берді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты - Тоқаев
Айдар Керім·

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·