Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бұл – менің азаматтық парызым әрі перзенттік борышым»: белгілі ғалым референдум туралы айтты

Философия ғылымдарының докторы (PhD), мәдениеттанушы, дінтанушы Мұртаза Бұлұтай жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумға қатысып, өз дауысын берді, деп хабарлайды  Todayinfo.kz. Ғалымның айтуынша, референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейж

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бұл – менің азаматтық парызым әрі перзенттік борышым»: белгілі ғалым референдум туралы айтты

Философия ғылымдарының докторы (PhD), мәдениеттанушы, дінтанушы Мұртаза Бұлұтай жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумға қатысып, өз дауысын берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Ғалымның айтуынша, референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды саяси оқиға.

«Бұл – менің азаматтық парызым әрі перзенттік борышым. Ел тағдырына бейжай қарай алмаймын. Осындай тарихи сәтте өз таңдауымды білдіру – әрбір азаматтың міндеті», – деді ол.

Мұртаза Бұлұтай референдумға отбасы мүшелерімен бірге барғанын айтты. Оның сөзінше, бұл жастардың ел өміріндегі маңызды саяси процестерді түсінуіне ықпал етеді.

«Мен дауыс беруге жұбайыммен бірге бардым. 14 жастағы қызымды да алып бардым, тіпті көршімнің немересін де ертіп апарып, болып жатқан үдерісті түсіндірдім. Балалар елде не болып жатқанын білуі керек. Өйткені елдің ертеңі солардың қолында», – деді ол.

Ғалымның пікірінше, Конституция – құқықтық мемлекеттің негізін қалайтын ең басты құжат.

«Мемлекетті басқару жүйесі, билік тармақтарының өкілеттігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары – бәрі Конституцияда белгіленеді. Сондықтан ол – мемлекеттің ең маңызды әрі негізгі заңы», – деді мәдениеттанушы.

Сонымен қатар ол негізгі заң елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Экономикалық жүйенің негізгі бағыттары мен қағидаттары да Конституциядан бастау алады. Халықаралық экономикалық қатынастар мен стратегиялық даму бағыттары заң талаптарына сай болғанда ғана тиімді жүзеге асады», – деді Мұртаза Бұлұтай.

Ол қазіргі уақытта ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған өңірлердің бірі – Алматы облысы екенін де атап өтті.

«1,6 миллионнан астам халқы бар Алматы облысының ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары. Аймақ елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 5 пайызын береді. Мұнда ірі қала жобалары жүзеге асырылып жатыр, транзиттік-логистикалық мүмкіндігі жоғары, гидроэнергетика мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді. Осы өңірдің тұрғыны ретінде мен бүгін референдумға қатысып, еліміздің әрі аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды құжатқа қатысты өз ұстанымымды білдірдім», – деді ол.

Сондай-ақ ғалым азаматтарды ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысуға шақырды.

«Референдум – халықтың ортақ тағдырына қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тетік. Сондықтан барша азаматтарды тарихи сәтке бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырамын», – деді Мұртаза Жүнісұлы.

Related

«Бұл – менің азаматтық парызым әрі перзенттік борышым»: белгілі ғалым референдум туралы айтты · Todayinfo