«Ем алып жатқан адамға біз өте қатігездік танытқан сияқтымыз. Шынымды айтсам, мен өзім нақты білмеймін, ол адамның жеке өмірі, отбасына қатысты жағдай. Тұңғыш президенттің отбасы болғандықтан, оның өлімі туралы ақпарат тарап кетті. Бұл – қатігездік болды», - деді Балаева журналситердің сұрағына жауап беріп.Министр тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Еске салсақ, Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 2025 жылғы 14 мамырда тараған болатын. Алайда, бұл қауесетті тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түрде жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесінде: «Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы интернетте тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп атап өткен. Сондай-ақ Назарбаевтар әулетіне тиісті мазарда жаңа қабірдің фотосы тарап, бұл марқұм Сара Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін деген болжам айтылған еді. Оны Қарасай ауданының әкімдігі жоққа шығарып, жерленген адамның экс-бірінші ханым емес екенін айтқан. Қазіргі уақытта Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл жағдай оның отбасының жеке өміріне қатысты болғандықтан, қосымша мәліметтер жарияланбаған.
«Бұл – қатігездік болды»: министр Сара Назарбаеваның өліміне қатысты ақпаратқа пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваның өліміне қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo. «Ем алып жатқан адамға біз өте қатігездік танытқан сияқтымыз. Шынымды айтсам, мен өзім нақты білмеймін, ол а

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваның өліміне қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
Related

News
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

News
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

News
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

News
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·