Todayinfo.kz
NewsView all articles

Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты

Қаза тапқан алты адамның барлығының денесі табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
📷 видео скриншот

Бурятияның Муй ауданына қарасты "Ирокинда" кенішінде болған қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ресей ТЖМ мәліметінше, технологиялық жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде барлығы тоғыз адам болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерген, алайда алтауы қар астында қалған.

“Арасында Ресейде тұрып, жұмыс істеген шетелдік азамат болған. Ол – Қазақстан Республикасының азаматы. Қалғандары ресейліктер”, – деген құқық қорғау органдарындағы дереккөз. 

Қаза тапқан алты адамның барлығының денесі табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Қазір Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себебі құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзып соның салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза тапқан.

Related

Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты · Todayinfo