Былтыр 13 мыңға жуық маман шетел асып кеткен
Бүгінде шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе, жайлы өмір іздеген жас мамандар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстаннан

Бүгінде шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе, жайлы өмір іздеген жас мамандар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстаннан 12 732 адам шетелге кетіп қалған, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.
Статистика не дейді?
Оның 9948-і ТМД елдеріне, қалған 2784-і басқа елдерге тиесілі. Есесіне 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендердің саны 37,4 пайызға артқан.
Елімізден кететін мамандардың негізгі бөлігін техникалық (2809 адам), экономикалық (1456 адам), педагогикалық (75 адам) және заңгерлік білімі бар (421 адам) азаматтар құрап отыр екен.
2023 жылы Қазақстанға әртүрлі елдерден 19 136 азамат келген. Бұл соңғы 9 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін ерекше атап өткен жөн. Әрбір үшінші мигрант Ресей мен Өзбекстанның тумасы болып шықты.
Қазақстандық мамандар қай елдерді таңдайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, Қазақстан азаматтары үшін ең тартымды елдер Германия, АҚШ және Польша болса керек. Жоғары білімді әрі білікті мамандардың Қазақстаннан кетуді таңдауына жоғарыда аталған елдердегі өмір сүру деңгейі мен жалақының жоғары болғандығы себеп.
фото: Ulysmedia.kz
Todayinfo.kz
Related

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

News
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·