Todayinfo.kz
NewsView all articles

Былтыр 14 мыңнан аса өзбекстандық Қазақстанға қоныс аударған

2023 жылы Өзбекстаннан өзге елдерге 17,3 мың адам қоныс аударды, деп хабарлайды Todayinfo Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.  Өзбекстан статистика агенттігінің дерегінше , өзбекстандықтардың басым бөлігі Қазақстанға (14 051 адам), Ресейге (2 670 адам), Оңтүстік Кореяға (10

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Былтыр 14 мыңнан аса өзбекстандық Қазақстанға қоныс аударған
2023 жылы Өзбекстаннан өзге елдерге 17,3 мың адам қоныс аударды, деп хабарлайды Todayinfo Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Өзбекстан статистика агенттігінің дерегінше, өзбекстандықтардың басым бөлігі Қазақстанға (14 051 адам), Ресейге (2 670 адам), Оңтүстік Кореяға (107 адам) және Түрікменстанға қоныс аударған.

Бұл ретте тұрақты тұру үшін көшкен өзбекстандықтардың 81,4% еңбекке қабілетті жаста болған.

Ал осы аралықта Өзбекстанға 2,9 мың адам қоныс аударды.

Оның басым бөлігі ресейліктер — 1,1 мың адам, одан кейін Қазақстан — 726 адам және 286 тәжікстандық көшіп келген.

Қоса кетсек, былтыр 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.

Сондай-ақ, бір жылда Өзбекстан халқының саны 2,2 пайызға өсіп, 36,7 миллионнан асты.

Todayinfo.kz

Related

Былтыр 14 мыңнан аса өзбекстандық Қазақстанға қоныс аударған · Todayinfo