Назарбаевтар әулетіне жақын жүрген белгілі дінтанушы Бейбіт Сапаралы көптен бері көзден таса болған Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы ашық айтты. Қоғам қайраткерінің сөзінше, бұрынғы бірінші ханым ауыр «рухани дертті» бастан кешірген.
Сара Алпысқызының қоғамдық кеңістіктен жоғалып кетуіне отбасындағы ауыр қайғы-қасірет тікелей себеп болған. 85 жастағы ананың көңіліне жиендері мен қыздарының басындағы жағдайлар қатты әсер еткен көрінеді.
Дінтанушының айтуынша, әсіресе Айсұлтанның қазасы, оның алдындағы Рахат пен Дариғаға қатысты оқиғалар әйел адам үшін оңай соққы болмаған. Кезінде дүркіреп тұрған әулеттің бүгінгі жағдайы оның денсаулығына сызат түсірген.
Өлім аузындағы сәт: Елбасы неге шұғыл жетті?
Сұхбат барысында Бейбіт Сапаралы көпшілік біле бермейтін жайттың шетін шығарды. Оның айтуынша, Сара Алпысқызының қатты науқастанып, өмір мен өлім арасында жатқан кезі болған.
Жағдайдың ушыққаны сонша, дәрігерлердің өзі үміт үзіп, «қайтады» деген болжам айтқан. Осы сыни сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы ұшып келіп, бәйбішесінің жанында үш күн бойы тапжылмай отырған. Бұл ақпаратты дінтанушы көмекшілерден естігенін алға тартады.
Сара Назарбаеваның «рухани дерті» неден басталды?
Бейбіт Сапаралының пайымдауынша, бұл жерде мәселе тек физикалық ауруда емес. Ол мұны «рухани кесел» деп атап, оның бірнеше себебін көрсетті.
Біріншіден, аналық жүрек балалары мен немерелерінің тағдырына, әулеттің басынан өткен қиындықтарға шыдай алмай күйзелген.
Екіншіден, дінтанушы Сара Алпысқызының кезінде кеңінен насихаттаған «Порфирий Иванов жүйесін» (суық сумен емделу) сынға алды.
«Тастай суық суды таңертең тұрып құятын. 1994-1996 жылдары мұны қызық көріп, тіпті Елбасыға да істетті. Бірақ тас төбеңнен мұздай су құю ғұсылға жатпайды, онда Алладан шипа сұрау жоқ. Бұл – рухани тұрғыдан қауіпті, содан кесел жинады», – дейді Сапаралы.
Сарапшының пікірінше, мұндай практикалар дәстүрлі түсінік пен сенімге қайшы келіп, ақырында адамның рухани әлеміне кері әсерін тигізген.
https://youtu.be/8dtzmDWFM2Y



