Коллаж: todayinfo Журналист Ришат Асқарбекұлы миллиардер, экс—президенттің құдасы Асар Құлыбаевты дарақы шалға теңеп, сынға алды, деп жазады Todayinfo порталы. Ол жасы тоқсанға жақындаған адамның қариялық қасиеттен ада екенін ашық жазды. «Жақында Асқар Құлыбаевты бір ауызашар дас
Коллаж: todayinfo
Журналист Ришат Асқарбекұлы миллиардер, экс—президенттің құдасы Асар Құлыбаевты дарақы шалға теңеп, сынға алды, деп жазады Todayinfo порталы.
Ол жасы тоқсанға жақындаған адамның қариялық қасиеттен ада екенін ашық жазды.
«Жақында Асқар Құлыбаевты бір ауызашар дастарханында көрдім. Әдетте саяқ жүретін бұл кісі көпшілік ортасында өзін еркін ұстап, жан-жағындағылармен шүйіркелесіп отырды. Ел тараған соң да “ал, өзіміз отырып шай ішейік” дегендей, біразға дейін кешті ұйымдастырушы қыз-жігіттермен әлденені талқылап, кетпеді.
Енді екі жылдан кейін 90 жасқа келетін үлкен Құлыбаевтан асаба бата сұрады. Қағазға жазып келген құттықттауға ұқсас жазбаны оқып берді. Әумин деп бет сыйпады ел-жұрт», — деп жазды журналист.
Үлкен Құлыбаев ширақ. Әлі бес қатын алатындай, тіпті жүрдек ат сияқты жылдам қозғалады. Ал қасынан бірнеше күзетшісі қалмайды.
«Ақсақал дейін десең, біртүрлі ауыз бармайды. Әйтпесе жасы келген абыз, ақылгөй, хафиз болатын уақыты ғой. Алты ауыз бата жаттамаған соң не дейік?», — деп сынады Ришат Асқарбекұлы.
Кешегі Мақпал Жүнісованың концертінде ерсі сөйлеп, елден сөз естіп жатыр.
«Шалың сахнаға шығып, біраз әдепсіз әрі жараспайтын қылық көрсетті. Өзінен отыз жас кіші әйелге, елге сыйлы әншіге дейік, арықтамайсың ба, аузыңды тамақтан тый деп дандайсығаны – қай сасқаны?!
Мақпал апамыз да қатырды. Сопаң етіп қайдан шыға келдіңіз, отыз жыл қайда жүрдіңіз, миллиардерсің, мен қиналғанда ақша берген жоқсыз, өз фигурам өзіме ұнайды, айналайын, байға шығатын арманым жоқ, маған команда бермеңіз, сізге шақырсаңыз да күйеуге тимеймін деп әзіл-шыны аралас жауап берді. Көрермен мәз. Негізі күлетін нәрсе емес…», — деді журналист.