«Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады. Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос. Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл-“соғыс!”Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды. Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың,кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?! Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным! Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен,ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл-сынақ. Бір бол!Құшақтап, сүйдім сені, сіңілім», - деп жазды Дана Нұржігіт.
«Дардай басымен тартып алуға арланбайды»: Дана Нұржігіт Жұлдызға қолдау көрсетті
Пәтерінен айырылып, алаяқтарға алданған актриса Жұлдыз Әбдукерімоваға жуурналист Дана Нұржігіт қолдау көрсетті, деп Тodayinfo ақпараттық порталы. «Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады. Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулы

Пәтерінен айырылып, алаяқтарға алданған актриса Жұлдыз Әбдукерімоваға жуурналист Дана Нұржігіт қолдау көрсетті, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·