Дастан Сәтпаев «Челси» клубына рессми түрде ауысты
Фото: meta-ratings.kz Алматылық «Қайрат» пен әйгілі «Челси» (Лондон) клубы 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Дастан Сәтпаев әзірге 18 жасқа толғанша «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Одан кей

Фото: meta-ratings.kz
Алматылық «Қайрат» пен әйгілі «Челси» (Лондон) клубы 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Дастан Сәтпаев әзірге 18 жасқа толғанша «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Одан кейін талантты ойыншы «Челси» құрамына қосылмақ.
Дастан Сәтпаев — Алматы қаласының тумасы. Ол 8 жасынан бастап «Қайрат» академиясында жаттығып, барлық дайындық сатысынан өткен. Оның таланты ерте байқалып, болашағынан зор үміт күттіретін футболшы ретінде танылды.
2024 жылдың мамыр айында Дастан «Қайрат» сапында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде клуб тарихына енді. Сол маусымда ол 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас беріп, QJ лигасының үздік ойыншысы атанды. УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) ол 4 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Футбол әлеміндегі танымал инсайдер, спорт журналисі Фабрицио Романо жас қазақстандықтың «Челсиға» ауысатынын растаған болатын. Бұл жаңалық қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін үлкен мақтанышқа айналды.
Дастанның Англия премьер-лигасындағы болашағы жарқын болмақ, ал оның тәжірибесі ел футболының дамуына да серпін беретіні анық.
Related

Sport
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Sport
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Sport
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Sport
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·