Түркістан облысының Ордабасы ауданында өткен республикалық референдум ерекше бастамамен есте қалды. №455 дауыс беру учаскесіне келген әрбір сайлаушыға тал мен гүл көшеттері сыйға тартылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Әр дауыс – болашаққа артылған үміт» деп аталған бұл акцияның мақсаты – азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялауға үндеу.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір отырғызылған көшет – жаңа өмір мен жаңарудың символы. Яғни, бүгін берілген дауыс та, егілген тал да уақыт өте келе жемісін беріп, болашаққа деген сенімді нығайтады.
Ордабасы ауданында референдумға байланысты 53 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмысын бастаған. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы 72 890 азамат тіркелген. Сайлау процесін 366 комиссия мүшесі қадағалады.
Фото: Әлеуметтік желіден




