Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи референдум кезінде журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
15 наурызда сайлау учаскелерінде «Азаттық» және «Информбюро» тілшілерінің ұсталғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері олардан түсініктеме алып, шамамен екі сағаттан кейін босатқан. Алайда, Полиция департаменті редакцияның ресми сауалына жауап беріп, журналистерді ұстаудың себебін түсіндірмеген еді.
Бүгін депутат Ермұрат Бәпи бұл оқиғаның мән-жайын айтты.
«Журналистерді екі сағаттан соң босатқан. Құқық қорғау органдарының жауабына сәйкес, оларды ұстауға аккредитацияның болмауы себеп болған», - деді Бәпи.
Фото: Әлеуметтік желіден




