Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Парламент кулуарында журналистерге берген сұхбатында ай сайын отбасы азық-түлікке 50 мың теңгеден аспайтын қаражат жұмсайтынын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo . Оның айтуынша, отбасы ауылдан келетін етті пайдаланады және күнделікті тағамдары қара
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Парламент кулуарында журналистерге берген сұхбатында ай сайын отбасы азық-түлікке 50 мың теңгеден аспайтын қаражат жұмсайтынын мәлімдеді,деп хабарлайды
Todayinfo.
Оның айтуынша, отбасы ауылдан келетін етті пайдаланады және күнделікті тағамдары қарапайым.
«Ет ауылдан келеді. Азық-түлікке көп шығындалмаймыз. Қарапайым дастархан, нанымыз, шайымыз бар. Кейде жақсылап алсақ, 30-40-50 мың теңге айналасында болады», – деді ол.
Депутаттың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары бір ауыздан мұндай сома қазіргі нарықтық бағаларға сәйкес келмейтінін айтып, пікірлерін қалдыруда.
«50 мың теңгеге қазір бір рет дүкенге кіріп шығудың өзі қиын», – деп жазды қолданушылардың бірі.
Депутаттың сөзі елдегі экономикалық ахуалмен сәйкес келмейді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы сәуір айында жылдық инфляция 10,7%-ға жеткен. Әсіресе Астанада азық-түлік бағасы бір айда 8,5%-ға өскен.
❝ Қазіргі таңда 50 мың теңгеге тек ең қажетті деген азық-түлікті ғана сатып алуға болады. Толыққанды отбасы дастарханын жабу үшін бұл сома жеткіліксіз, – дейді экономист Айгүл Көкенова.
Мұндай мәлімдемелер қоғамдағы сенім мәселесін қайта қозғады. Халықтың басым бөлігі күнделікті өмірде қиындық көріп жатқанда, шенеуніктердің бұлай айтуы қоғаммен байланыс үзілуінің белгісі деп бағаланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qaz365.kz (@qaz365.media)