Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама беретін турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін турнирде жарқын жеңіске жетті. Жеңілістің дәмін татпаған Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турниріне қатысып, жарқын жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде PFL тұжырымының экс-чемпио

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін турнирде жарқын жеңіске жетті.
Жеңілістің дәмін татпаған Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турниріне қатысып, жарқын жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде де қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Бартош Шевчукті “хайкик” соққысымен теуіп, сұлатып салды. Осылайша отандасымыз UFC-ге жолдама алдып, 4 жекпе-жекке келісімшарт алды.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың лигасында яғни, Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Бұл оның шаршы алаңдағы оныншы жекпе-жегі және оныншы жеңісі.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·