Todayinfo.kz
NewsView all articles

Доссор–Құлсары жолында ірі жол апаты болды: төрт адам ауруханаға түсті

Атырау облысында Доссор–Құлсары трассасының 77-шақырымында екі жеңіл автокөлік бір-біріне қарсы бағытта соқтығысты. Оқиға сәтінен түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Todayinfo . Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол-к

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Доссор–Құлсары жолында ірі жол апаты болды: төрт адам ауруханаға түсті

Атырау облысында Доссор–Құлсары трассасының 77-шақырымында екі жеңіл автокөлік бір-біріне қарсы бағытта соқтығысты. Оқиға сәтінен түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Todayinfo.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні шамамен 12:40 шамасында Құлсары қаласынан шығатын тұста болған. Алдын ала дерек бойынша, Hyundai Elantra маркалы көлікті тізгіндеген 2000 жылы туған жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, сол мезетте келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен бетпе-бет соғысқан.

«Апат салдарынан 1984 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі – Бейнеуден Атырау бағытына бет алған азамат, сондай-ақ көліктегі үш жолаушы түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция қызметі.

Полицейлер жасаған мәлімет бойынша, жол апатынан бір сағат бұрын патрульдік экипаж дәл осы Hyundai көлігін тоқтатып, жүргізушіге жылдамдықты арттырмау және жолда сақ болу жөнінде ескерту жасаған екен.

Related

Доссор–Құлсары жолында ірі жол апаты болды: төрт адам ауруханаға түсті · Todayinfo