Todayinfo.kz
NewsView all articles

Дубайда 67 қабатты үй түгі қалмай өртеніп кетті

Дубай Марина ауданындағы 67 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі қызыл жалынды 6 сағат бойы өшірген, деп хабарлайды Todayinfo.  Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер тіркелмеген. Барлығы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғын

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Дубайда 67 қабатты үй түгі қалмай өртеніп кетті
Дубай Марина ауданындағы 67 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі қызыл жалынды 6 сағат бойы өшірген, деп хабарлайды Todayinfo.  Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер тіркелмеген. Барлығы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғын дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадалары мен медициналық қызметкерлер жетті, эвакуацияланған азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері ғимараттың құрылысын жүргізген компаниямен бірлесе отырып, тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр. Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды.

Related

Дубайда 67 қабатты үй түгі қалмай өртеніп кетті · Todayinfo