Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Духы вагон»: жыланды жалаң қолмен ұстап алған әжей желідегілерді таңғалдырды

Әлеуметтік желі қолданушысы 85 жастағы әжейдің бақшадан жыланды жалаң қолмен ұстап,  шығарғанын жариялады, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Ұлы Отан соғысының батыры герой Қарсыбай Спатаевтың жылғыз қызы - өзі ержүрек апамыз. Руы да өзі де батыр»,- деп ж

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Духы вагон»: жыланды жалаң қолмен ұстап алған әжей желідегілерді таңғалдырды
Әлеуметтік желі қолданушысы 85 жастағы әжейдің бақшадан жыланды жалаң қолмен ұстап,  шығарғанын жариялады, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Ұлы Отан соғысының батыры герой Қарсыбай Спатаевтың жылғыз қызы - өзі ержүрек апамыз. Руы да өзі де батыр»,- деп жазды видео авторы.
Кадрларда темір балдаққа сүйенген қарт кісі есік алдындағы бақшада жүрген жыланды құйрығынан ұстап алады. Кейін оны пластик бөтелкеге салып қойды. Әжейдің жанында ойнап жүрген немерелері келіп, жәндікті қызықтап жүр.
«Аман болсын, осындай батыр апаларымыз азайып барады, Алла күш қуат берсін әжемізге», «денем түршігіп кетті ғой», «духы вагон-вагон апамыздың», «кішкентай кезінде жыланмен ойнаған апалар ғой», деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.
https://www.instagram.com/reel/DKRvx1xCTGv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Related

«Духы вагон»: жыланды жалаң қолмен ұстап алған әжей желідегілерді таңғалдырды · Todayinfo