Todayinfo.kz
NewsView all articles

Дулат Бәкішев: Трамптың Иранға шабуылы Эпштейн файлына тікелей байланысты

Саясаттанушы: Трамп пен Нетаньяхудың Иранға шабуылы – демократия емес, Эпштейн ісі сияқты жеке жанжалдардан назар аудару әрекеті.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Дулат Бәкішев: Трамптың Иранға шабуылы Эпштейн файлына тікелей байланысты

Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық саясаттанушы Дулат Бәкішев АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Иранға қарсы агрессиясының астарында демократиялық құндылықтар емес, жеке бастың мәселелері жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Сарапшы өзінің бейтарап позициясын ұстанатынын және кез келген режимге жақтаспай, тек шындықты айтуды мақсат тұтатынын атап өтті.

"Маған біраз адам өкпелі. Себебі, олардың ойынша, мен "демократияға жақтас болуым керек" те, аятоллалар режиміне барынша қарсы тұруым қажет екен. Сарапшыға олай істеуге болмайды ғой. Бізге ең бастысы: шындықты айту", - деп жазды Бәкішев.

Оның талдауынша, Дональд Трамптың соғыс ашуына бірнеше себеп болса да, негізгі түрткі – "Эпштейн файлдары" деп аталатын даулы іс. Бұл істе АҚШ президентінің аты аталған. Бәкішевтің ойынша, Трамп қарашада өтетін сайлау алдында осы жанжалды ұмыттырып, америкалық сайлаушылардың назарын өзінің кезекті "ұлы жеңісіне" аударғысы келді.

Алайда Иран Трамп күткендей оңай шағылатын жаңғақ болмай шықты. Тегеран соғысқа сақадай сай болып, өз әлеуетін көрсете алды.

Дәл осындай жағдай Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға да тән. Ол да Газадағы қанды қырғынды ұмыттырып, назарды Ирандағы "жеңісіне" бұруды көздеген.

"2026 жылдың 28 ақпанында ашылуы керек сотты да бұл батырың Тегеранға бір оқ атып, елінде "төтенше жағдай" жария етіп, тоқтатып тастады. Яғни, Иранға "демократия әкелушілердің" өз ұсқындары шамалы", - дейді сарапшы.

Дулат Бәкішев Иран режимін қолдамайтынын, бірақ геосаяси тұрғыдан бұл елдің Орталық Азия үшін маңызы зор екенін ескертеді. Оның айтуынша, Иранның тұрақтылығы Қазақстанның қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделеріне сай келеді.

Ол сондай-ақ 47 жыл санкция астында отырса да, Иранның заманауи қару-жарақпен (дрондар, гиперсоник зымырандар) жабдықталғанын және ұзақ мерзімді соғысқа дайын екенін атап өтті.

"Аятолланы өлтірсек, Иран билігі ыдырайды. Оңай жеңісті олжалаймыз" деген сенімде болды. Осылай сағым қуып, екі батыр ежелгі өркениет – Иран жеріне келді. Жеңіс үшін келсе де, бұл жердің дүкен сөресінде "жеңіс" атты тауар жоқ екен. Біразының атауы "ЖЕҢІЛІС"", - деп түйіндеді саясаттанушы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Дулат Бәкішев: Трамптың Иранға шабуылы Эпштейн файлына тікелей байланысты · Todayinfo