Маңғыстау облысында аңызға айналған актер Джеки Чанның қатысуымен өтетін фильмнің түсіріліміне дайындық басталды. "Құдай сауыты 4: Ultimatum" (Armour of God 4) жобасының командасы Ақтауға келіп үлгерді және қазірдің өзінде қала мен аймақтағы табиғи локацияларды зерттеуге кірісті. Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облыстық туризм басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
1986 жылы алғаш жарық көрген "Құдай сауыты" ("Доспехи Бога") франшизасы Джеки Чанның фильмографиясындағы ең елеулі туындылардың бірі саналады. Араға ондаған жыл салып экранға оралуы бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің қызығушылығын тудырып отыр. Ал түсірілім алаңы ретінде Маңғыстаудың таңдалуы – Қазақстан киноиндустриясы үшін елеулі оқиға болуы мүмкін.
Келген күні шығармашылық топ Маңғыстау облысының әкімімен кездесті. Басқосуда ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ өңір аумағында түсірілім процесін жүргізу үшін қажетті қолдау шаралары талқыланды.
Егер жоба түпкілікті бекітілсе, Маңғыстау жаһандық кинематография тарихының бір бөлігіне айналып, Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмде алғаш рет көрініс табады.
Еске салайық, шетелдік туристер өңірдің көрікті жерлеріне бірнеше рет тәнті болған еді. Мәселен, әзірбайжандық әнші әрі кәсіпкер Emin бұл пейзаждардың "ертегі емес, шынайы екеніне сену қиын" екенін айтқан болатын. Ал этномотивтер мен заманауи электронды музыканы үйлестірумен танымал башқұрттық "Ay Yola" триосы Бозжыра шатқалында жартылай түсірілген "Yola" әніне бейнебаян шығарды.




